Қабылхақ Күлмесханұлы – Қытайдағы қазақтар арасында кең танылған жазушылардың бірі. Бұл кітапта оның «Тұманды дала» повесі мен әңгімелері беріліп отыр. Жинаққа енген шығармалардың барлығы арғы беттегі қандастарымыздың тарихи өмірінен, бастан кешкен шынайы оқиғаларынан тұрады. Қаламгердің оқиғаларды баяндау стилі мен тілінің көркемдігі оқырман қауымды баурап алары сөзсіз.
Жазушының бұл кітабы елімізде алғаш рет жарияланып отыр. Барша әдебиетсүйер оқырмандарға арналады.