Антуан де Сент-Экзюпери — француздың жазушысы әрі батыры. Иә, батыры. Өйткені ол кәсіби ұшқыш болып қызмет еткен. Ал екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда әскери ұшқыш ретінде майданға араласқан. Соғыстың бітуіне бір жылдан да аз уақыт қалғанда Жерорта теңізін барлауға ұшып шығып, сонда қаза тапқан. Бірақ жазушы соғысқа дейін де, соғыс уақытында да бірнеше ғажайып шығарма жазып кетті. Соның бірі — қолыңыздағы «Кішкентай шахзада». Қазақшаға бірнеше рет аударылған, біз қазақтың аса көрнекті жазушыларының бірі Тәкен Әлімқұлов жасаған тәржіманы таңдап алдық. Бір қызығы, кітаптағы суреттерді де жазушының өзі салған.