Эрнест Сетон-Томпсон – әлем оқырмандарының назарын хайуанаттардың тылсым тіршілігіне аударған натуралист жазушылардың бірі. Табиғатты зерттеумен жылдар бойы орман-тоғайды аралап, дала кезіп күн кешкен қаламгердің әрбір шығаррмасы бейкүнә жан-жануарлардың өмірін айна-қатесіз дәлдікпен суреттейді. «Киелі көкжал» атты бұл жинаққа автордың хайуанаттар жөніндегі шынайы баяндаған хикаяларын топтастырып отырмыз.