Жэймс жəне дəу шабдалы

Автор: Руал Даһл
Артикул: K116
Қол жетімділігі: Қоймада 2 дана бар
Бағасы:
4000 тг
Саны:
-
+
Қанша тауар алсаңыз да жеткізу 900₸
Cипаттамасы
Руал Даһл «Жеймс пен дәу шабдалы» ертегінде жастайынан жетім қалған бүлдіршіннің хикаясын баяндайды. Төрт жасар Жеймс тағдырдың тәлкегімен тасжүрек екі апайының үйіне тап болады. Өмірінің астаң-кестеңі шығып, еркетотай бала ерте есейеді. Сырлас досы да жоқ. Жалғыздықтан қатты қиналады. Бір күні күтпеген жерден бақшадағы түптер арасынан шыққан бейтаныс қария оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Бұл — ғажап туынды. Бірінен соң бірі болатын шым-шытырық оқиғалар зейініңді кітаптан жібермей, соңы не болар екен деген уайыммен тапжылтпай ұстап тұрады. Бір ерекшелігі — әңгіме әркімге әр түрлі әсер етеді. Жас оқырман бұл әңгімеден үміт үзбеу мен жақсы нәрсе армандау қаншалықты маңызды екенін ұғар. Кейбір ересек кісі тұтас хикая әбден ішқұса болған баланың өзін алдарқатып, жұбатуы ма деп құлазуы мүмкін. Жеймстің басынан өткен бұл оқиғалар оның бос қиялы ма, әлде көптен күткен тілегі расымен қабыл болғаны ма? Ертегіні оқып, оны өзіңіз шешіңіз, оқырман.
Cізге мына тауарларды да ұсынамыз:
Жеткізу бар
Жансар
Тұрсын Жұртбай
2500 тг
Жеткізу бар
Тамаша Спорт
Оле Көнекке
4000 тг