Бозбалаға бағытталған ашық хат бола тұра бұл кітапты оқыған жас пен жасымыстың да, өмірде өз орны бар кексе кісінің де алары мол. Өмірден алынған өсиеттердің баяндалу тәсілі де шынайы һәм нанымды. Бәлкім, біреулерге ескірген тәрізді көрінетін пікірлердің өлмес құндылықтарға табан тірейтініне куә. Шын мәнісінде Моруаның бұл еңбегі – «Әттең-ай, неге ертерек қолыма түспеді екен?!» дегізбей қоймайтын кітап. Кітап емес-ау – өнер, өнер болғанда да кеңесу, сұқбаттасу өнері!