Достоевскийдің бұл хикаятын оқыған жандар бірден жан-дүниеңді сырлы тылсыммен баурап алатын қасиетке ие екендігін айтады.Махаббат, алып шаһардағы жалғыздық, тіршіліктің мәні, бақыт пен қасірет-осының бәрі бір туындының бойында синтезделген. "Ақ түндерді" оқи отырып, қазіргі техногендік кездің проблемаларына, қарым-қатынастан жұрдай виртуалды құндылықтарға басқа қырынан қарайсың. Табиғаттың тосын сыйындай ақ түнді туындының атауына арқау еткен жазушы шеберлігіне ерекше тәнті боласың. Достоевскийді қазақша сөйлеткен белгілі сөз зергері- Дулат Исабеков